Date of publication: 04.03.2021 18:32
Date of changing: 04.03.2021 18:37

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, салықтарды төлеу бойынша кейiнге қалдыру салық төлеушіге салықтарды бір мезгілде төлей отырып, алты айдан аспайтын мерзімге дейін, сондай-ақ салықтарды төлеу мерзiмiн ұзарту тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын кезең-кезеңмен төлей отырып, үш жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндігі туралы хабарлайды.

         Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.

         Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды мынадай:

      1) салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру;

      2) салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы;

      3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;

      4) соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;

      5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;

      6) салық төлеушінің қосымша салықтық есептілікті ұсынуы;

      7) салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең бес жылдан кем болатын салық төлеушілерге қолданылмайды.

        

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы салықтық өтініш негізінде ұсынылады.

         Салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішке мынадай құжаттар:

      1) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды;

      2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар;

      3) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін жасалуға тиіс.

         Решение о предоставлении отсрочки или рассрочки принимается органом государственных доходов по месту нахождения налогоплательщика либо органом государственных доходов по месту уплаты налогов и (или) плат в течение двадцати рабочих дней со дня получения заявления налогоплательщика.

Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуды беру туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органы немесе салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды.

         Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефонға қоңырау шалыңыз: 72-11-70.