
Ғасырлар бойы Наурыз мерекесіндегі ұлан-асыр тойда ата-бабаларымыз өз өнерлері мен күш-қуаттарын, шеберліктері мен ептіліктерін, мергендіктері мен шапшаңдықтарын паш етіп келген. Мереке күндері көңіл көтеруге жиналған қауым ат жарыстары мен балуандар белдесуінде қиқу салып, бір жасап қалатын болған.
Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлер арасында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін білуге арналған Брейн-ринг өткізілді.
Шараға бес команда - «Шаңырақ», «Дала қыраны», «Бәйшешектер», «Болашақ» және «Бүркіт» тобы қатысты.
«Дала қыраны» командасының капитаны Дархан Молдажан этникалық мәдениеттің білімділігімен ерекше көзге түсіп, нәтижесінде оның командасы құрметті бірінші орынға ие болды, екінші орында - «Болашақ» командасы, үшінші орында - «Бүркіт» тобы. Әріптестерімізді құттықтаймыз!






























