
2021 жылғы 1 сәуірде 2020 жылға көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
Биыл алғаш рет көлік құралдарына салынатын салықты "Е-Salyq-Azamat" тегін мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.
2020 жылға есептелген көлік салығы "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Алдағы төлемдер" сервисінде орналастырылған.
Деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында мобильді қосымшаға кіру үшін ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН-де тіркелуі қажет.
Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де төлей алады: екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.
Анықтамалық ақпаратты алу үшін байланыс орталығының 1414 және (8-716-2) 72-34-82/91-11-10 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.




























