
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған
ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан
130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті,
береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде орыстар, украиндар, қазақтар, немістер, әзірбайжандар, балқарлар, мариялықтар, ингуштар және басқа ұлт өкілдері жұмыс істейді.
Біз әр түрлі ұлтпыз және салт-дәстүріміз бен дініміз әртүрлі болғанына қарамастан, біз бір үлкен іспен – Отанымыз - Қазақстан Республикасына қызмет етіп келеміз.
Тек бірлікте ғана елімізде бейбіт өмір мен өзара түсіністікті сақтаймыз.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік! 1 мамыр құтты болсын!




























