
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беруді тапсырды.
Осыған байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың жаңа арнаулы салық режимі енгізілді, оның қолданысы 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын болады.
Режимді қолдану үшін алынған табыстың 3% мөлшерінде салық өлшерлемесі белгіленген. Жеке кәсіпкерлерден бұл салық ЖТС түрінде, заңды тұлғалардан КТС түрінде түседі.
Салық кезеңі – күнтізбелік тоқсан.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Салық салу объектісі (кіріс) жалпы белгіленген тәртіппен айқындалады.
Пандемиядан неғұрлым зардап шеккен экономика секторларының тізбесі "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 қаулысымен айқындалған.
Егер қызмет түрі Үкімет бекіткен тізбеге енбеген жағдайда, салық төлеушілер бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.
Жаңа арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер айналым мөлшеріне қарамастан, әлеуметтік салық пен ҚҚС төлеушілер болып табылмайды.
Салық кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ҚҚС төлеушілер бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне ауысуына байланысты осындай арнаулы салық режимін қолдану басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, жоғарыда көрсетілген баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті 1-тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды сақтамай табыс ететініне назар аударамыз.
Сондай-ақ, "салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына салық есептілігінің жаңа нысаны (913.00) және оларды жасау қағидалары енгізілгенін атап өтеміз.
Ақпараттық жүйелерде хабарламаны пысықтау аяқталмағандықтан, осы арнаулы салық режиміне көшуге ниет білдірген тұлғалар мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған нысан бойынша хабарламаны "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы да, "Қазпочта" АҚ қызметтерін пайдалана отырып немесе тікелей қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсына алады.
Бірыңғай жеңілдік мөлшерлемесімен және ҚҚС-дан босатумен бөлшек салық режимін енгізу экономиканың зардап шеккен салалары үшін салық салуды жеңілдетеді.




























