
Қазақстанда Отан қорғаушылар күні-мемлекеттік мереке.
Бұл күн қазақстандықтардың ерлік істерінің шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді.
Осы ерекше күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлерін құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, сыйлықтар табыс етті.
Ал жұмыс күні басталар алдында ұжымның әйелдер қауымы әріптестерін мерекемен құттықтап, бейбіт аспан астындағы Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметке табыс тіледі
Жүрегі елім деп соққан барша отандастарымызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мереке құтты болсын!