Date of publication: 09.05.2021 13:03
Date of changing: 09.05.2021 13:01

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған әлеуметтік желілердегі "ЖЕҢІС МҰРАГЕРЛЕРІ" жобасын өткізуде. Естелік акциясы біздің әріптестеріміздің арасында да шынайы ықыласқа бөленді.

Біздің ата-бабаларымыз бізге бейбіт аспан мен азаттықты мұра етіп қалдырды. Олар жас шағында майданға аттананып, ерлікпен шайқасқан, жауынгерлік операцияларға қатысқан, окоптар қазған және госпитальдарда солдаттардың жанын алып қалу үшін барын аямаған, тылда еңбек еткен.

Әрқайсысының қосқан үлесі Жеңіс күнін жақындатты, ал олардың кейбірі  тіпті үйлеріне қайтып оралмады... Өмірден озғандар туралы естеліктер мәңгі жадымызда сақталады...

9 мамыр Жеңіс күні -  бұл ғасырлар арқылы ұрпақтарды біріктіретін, әр отбасы үшін ерекше мереке. Біздің ұрпақ батырларымызды әрдайым есте сақтайды және мадақтайды, естеліктерді ізбасарларына табыстайды.