Date of publication: 19.05.2021 16:07
Date of changing: 19.05.2021 16:27

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта egov.kz порталында келесі мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылғандығын хабарлайды.

Олар мыналар:

- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау»,

- «Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау».

Осыған байланысты жеке тұлғалар мен тасымалдаушылар ЖКД және КҚКД дербес бере алады.

Ол үшін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "АСТАНА-1" АЖ сыртқы пайдаланушының рұқсатын алу қажет.

Жүйе жеке тұлғамен немесе тасымалдаушымен декларацияны толтыруға және сақтауға арналған.