Date of publication: 20.05.2021 10:34
Date of changing: 20.05.2021 10:35

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Ashyq қызметін қауіпсіз жүргізу бойынша жобаның қатысушысы болды.
Ashyq қосымшасын Денсаулық сақтау министрлігі, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жасады.
Ashyq мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша келушілер мен қызметкерлерді жұқтыру қаупі азаяды.
МКД келушілеріне ерікті негізде «Ashyq» мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өту, ЖСН енгізу және өзінің баруын тіркеу үшін QR-кодты сканерлеу ұсынылады. QR-кодты сканерлеу кезінде қосымшада келушінің мәртебесі анықталады.
* Егер адам коронавирусқа ПТР тестін тапсырып, және оң нәтиже алса оған
«қызыл» мәртебе беріледі. Бұл мәртебенің иелеріне үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтау тапсырылды.
* «Сары» байланыс тұлғаларына беріледі.
Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
* «Көк» ПТР-тест міндетті орындардан басқа барлық жерде еркін қозғалуды білдіреді.
* «Жасыл» - қозғалыстың толық еркіндігінің белгісі.
Қазіргі уақытта бұл жаңашылдық Көкшетау, Степногорск қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде енгізілді, бірақ болашақта барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында енгізу жоспарлануда.
Өзіңізді қорғаңыз және сау болыңыз!