Date of publication: 26.05.2021 09:19
Date of changing: 26.05.2021 09:29

ҚР Қаржы министрінің халық алдында есеп беру кездесуі 2021 жылдың 15 маусымында өтеді.

Кездесу барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен жылғы жұмыс нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндама жасайды.

Сондай-ақ, азаматтардың сұрақтарына жауаптар беріледі.

Сұрақтар мен ұсыныстарды m.minfin@minfin.gov.kz электронды мекен-жайына жіберуге болады.

Кері байланыс үшін өз мәліметтерді және байланыс телефон нөмірін көрсету қажет.

Call center: 8 (7172) 75-02-93, 75-04-60