Date of publication: 31.05.2021 15:12
Date of changing: 31.05.2021 15:18

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Асылхан Ибраевты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

20 жылдан астам Асылхан Ахметбекұлы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.

Ол жұмысын Зеренді ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

2007 жылдың қаңтарында Ақмола облысы бойынша Салық комитетіне ауыстырылды.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Спорттық іс-шараларға белсенді қатысады.

Әріптесімізге зор денсаулық, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.

 

                                                                   Құрметпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы