Date of publication: 21.06.2021 18:36
Date of changing: 21.06.2021 18:42

2020 жылы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жалдамалы жұмыскерлердің жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуінің толықтығын автоматтандырылған камералдық бақылауды іске қосты. Бұл процесс ҚР электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары негізінде жүргізіледі.

Осыған байланысты, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігінде (910.00 және 200.00) барлық жалдамалы қызметкерлерді, олардың нақты кірістерін және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді толық көрсету қажеттілігі туралы еске салады.

Жұмыс беруші жұмыскерлер үшін аударымдарды уақтылы жүргізбеген жағдайда, ол олардың құқықтарын бұзады, өйткені бұл зейнетақы өтілі мен зейнетақы мөлшерін айқындауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа да шараларына әсер етеді.