
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру туралы» Мемлекеттік қызмет департаментінің министрлігі сыбайлас жемқорлық алдын алу басқармасының бас маманы Қабаш Уажанов баяндады.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларындағы жаңалықтарымен Мемлекеттік қызмет департаментінің министрлігі мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ербаян Сүлейменов таныстырды.
Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шаралар кешенi жүзеге асырылуда.
Олар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көленкі экономикаға қарсы стратегиясында белгілеген міндеттерін орындалуында негізделген.
Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Жанбек Шампиков сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздігіне назар аударды.
Жұмысты айқын, регламент пен ереже, нұсқау мен мерзімдерге сәйкес ұйымдастыру кезінде сыбайлас жемқорлықтын пайда болуы төмендегенің атап өткен жөн.