Date of publication: 08.07.2021 16:35
Date of changing: 08.07.2021 16:42

 Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитімен Пилоттық жоба іске қосылды.Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған.

Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген. 

ЭШФ жазып беру міндетінен: 

1) құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен (2,9 млн теңге) асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойыншакәсіпкерлік субъектілері;

2) сатып алынған тауарды түпкілікті тұтынумақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізукезінде кәсіпкерлік субъектілері;

3) жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өткізукезінде ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері шот-фактура жазыпберуден босатылады.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет.

Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.