Date of publication: 13.08.2021 13:56
Date of changing: 13.08.2021 14:05

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері.

Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджеттің жоспары 107,3 пайызға орындалып, қазынаға 128 млрд. теңге түскен, өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 39 млрд. теңге артық түсті.

 Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 11,1 млрд. теңге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау -  3,8 млрд. теңге, электрондық шот фактуралар және «Виртуалдық қойма» модульдің мәліметтерді пайдалануымен әкімшілендіру - 3,2 млрд. теңге,  салықтық тексеру – 0,4 млрд. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 1,4 млрд.  теңге.

Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 6 мыңнан астам  тауар декларациясы ресімделген.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша үш жыл ішінде микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығын төлеуден босатылды.

Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін смартфон арқылы салықтарды онлайн төлеуге мүмкіндік беретін «Е-Салык Азамат» мобильді қосымшасы әзірленді және жұмыс істейді. Кәсіпкерлерге арналған «Е-Салык бизнес» мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті.

Қызмет көрсетудің электронды форматқа көшуі де бюджетті нығайтуға септігін тигізуде. Жыл басынан бастап 292 мың 396 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,5 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі. Мереке құтты болсын!