Date of publication: 20.08.2021 18:22
Date of changing: 24.08.2021 16:33

Әлемге әйгілі қазақстандық диджей және музыкалық продюсер, "Грэмми" музыкалық сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов "e-Salyq Azamat" қосымшасына қатысты бейнекомментарий берді, ол уақытты үнемдеп қана қоймай, салықтарды төлеу кезінде банк комиссияларына жұмсалатын шығындарды да төмендетеді.

«Иманбек, сіз қандай екі нәрсесіз өміріңізді елестете алмайсыз?», – деген сұраққа ол: «Біріншіден, бұл музыка, музыка сіздің көңіл-күйіңізді көтереді. Екіншіден, e-Salyq қосымшасы сіздің уақытыңызды үнемдейді».

"e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы біздің азаматтар арасында танымал бола бастады.

Осыған дейін аталған қосымшаны танымал тұлғалар Дәуіт Шайхисламов, Нұртас Адамбаев, Seka, Тұрсынбек Қабатов, Нұғымаров Айбек және басқа да танымал тұлғалар ұсынған болатын.

Иманбек Зейкеновтің қатысуымен түсірілген видеоны мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.instagram.com/p/CQNaiTOJnvt/ ?utm_medium=copy_link

Мемлекеттік кірістер комитеті пандемия кезінде есептілікті тапсыруды жеңілдету, жеке тұлғалардың салықтарын төлеу және салық органдарына баруды азайту үшін "салық әмияны" функционалы бар "E-Salyq Azamat"мобильді қосымшасы әзірленгенін еске салды.

Мобильді қосымша арқылы азаматтар қарыз сомасын көре алады және салықты онлайн төлей алады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі салықтарынан басқа, кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтарды, кедендік төлемдерді, мемлекеттік баждарды, алымдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды, жекешелендіру үшін төлемдер, жерді сату және басқаларды төлеуге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, мобильді қосымша бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді. Жеке тұлғалардың альтернативті түрде «Салық әмиянын» толтыру арқылы салық төлеуге мүмкіндігі бар.

«E-Salyq Азамат» мобильді қосымшасында енгізілген «қызметкерлерге еңбекақы төлеу» сервисі қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыру бойынша әлеуметтік аударымдардың сомаларын көруге мүмкіндік береді.

«E-Salyq Азамат» қате төлемдер мен негізсіз айыппұлдарды жоюға, қате төлемдерді есепке жатқызуға және қайтаруға өтініштер санын азайтуға және жалпы алғанда, бюджетпен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қосымша App Store және Play Market-те қолжетімді.