Date of publication: 31.08.2021 12:20
Date of changing: 31.08.2021 12:29

    Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.

Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.

Акция аясында №22 мектептің бірінші сынып оқушысы Қарабай Арсланға көмек көрсетілді, оған мектеп және спорт киімдері, сондай-ақ басқа да қажетті заттар сатып алынды.

Арсланға білімді игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз достық пен  қуаныш тілейміз! Ақ жол, Арслан!