
Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларына пилоттық жобаға қатысушылар санаттарына қатысты және авиация саласындағы салық төлеушілердің қатысу мерзімін ауыстыруға қатысты өзгерістерге бастамашылық жасалды.
Құқық қолдану практикасын ескере отырып, уәкілетті экономикалық операторлар пилоттық жобаның міндетті қатысушылары санатынан шығарылды.
Деңгейлес мониторинг – салық төлеушілер нақты уақыт режимінде салық органдарына болашақтағы салық тәуекелдерінен ескерте отырып, бухгалтерлік және салықтық есепке алу деректеріне қол жеткізуді ұсынатын бақылау нысаны.
Пилоттық жобаларға деңгейлес мониторингті енгізудің халықаралық тәжірибесінде салықтық әкімшілендіру мәселелерін қамти отырып, экономиканың басым секторларынан: мұнай-газ, тау-кен және банк, телекоммуникация, мұнай және газ тасымалдау, жүк тасымалы, авиация салаларындағы компаниялар қатысады.
Қазақстан Республикасында пилоттық жобаны іске қосу 2020 жылғы шілдеде жүзеге асырылды.
«Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11329852).
Жария талқылаудың аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 21 қыркүйек.




























