
Құрметті салық төлеушілер !
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап әлеуетті өнім берушілер ұсынған қосымша салық есептілігі және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеу бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жаңарту мүмкіндігі алынып тасталғаны туралы ақпаратты жеткізеді (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 447-3-тармағы).
Әлеуетті өнім берушінің алдыңғы жылғы қаржылық тұрақтылығы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері күнтізбелік жыл ішінде бір рет 1 қазаннан кешіктірілмей веб-порталда жаңартылып отырады.





























