
Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады және қай азаматтар мүлік салығынан босатылады.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың жиі келіп түсетін 10 сұрағын топтастырды.
№1 сұрақ:
Мен жеке тұлғамын, 2020 жылға мүлік салығын қай күнге дейін төлеуім керек?
Жауап:
2021 жылдың 1 қазанына дейін.
№2 сұрақ:
Биыл мүлік салығы өткен жылмен салыстырғанда жоғары, себебі неде?
Жауап:
Жеке тұлғалардың мүлік салығының мөлшері мүліктің құнына байланысты. Мүліктің құнына сәйкес салық ставкасы қолданылады. Нысанның құны туралы ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан келеді.
№3 сұрақ:
Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылды ма?
Жауап:
Жалғыз тұратын зейнеткерлер үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған:
тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, оның ішінде сондағы ғимараттары мен құрылыстары;
іргелес жер учаскелері –
барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнынан 1000 еселенген айлық есептік көрсеткішінің мөлшері (2020 жылға 2 651 000 теңге) шегінде.
№4 сұрақ:
Көп балалы аналар немесе көп балалы ата-аналар мүлік салығынан босатылған ба?
Жауап:
«Батыр ана» атағын алған немесе «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жеке тұлғалар үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған:
тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, сондағы ғимараттары мен құрылыстары;
іргелес жер учаскелері -
барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнынан 1000 еселенген айлық есептік көрсеткішінің мөлшері (2020 жылға 2 651 000 теңге) шегінде.
№5 сұрақ:
Мүмкіндігі шектеулі жандар мүлік салығынан босатылды ма?
Жауап:
Мүгедектер үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған:
тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, сондағы ғимараттары мен құрылыстары;
іргелес жер учаскелері;
жеке үй (қосалқы) егіншілікке, бау -бақша мен саяжай құрылысына берілген жер учаскелері, оның ішінде ғимараттар үшін алынған жер;
гараждар орналасқан жер учаскелері;
барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнының айлық есептік көрсеткішінің 1500 еселік мөлшері (2020 жылға 3 976 500 теңге) шегінде.
№6 сұрақ:
Жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу үшін қандай реквизиттер қажет?
Жауап:
Жеке мүлік салығының реквизиттері:
БСК коды - 104102,
СТН коды -911;
Айыппұл туралы мәліметтер:
СТН коды - 912.
№7 сұрақ:
Мен ауылдық жерде тұрамын, бірыңғай жиынтық төлем қанша төлеуім керек?
Жауап:
Айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселік мөлшері, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1459 теңге.
№8 cұрақ:
Егер мен Алматыда (Нұр-Сұлтан қаласында) тіркелген болсам, бірыңғай жиынтық төлем қанша төлеуім керек?
Жауап:
1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 2917 теңге.
№9 cұрақ:
Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады?
Жауап:
Екінші деңгейлі банктердің онлайн-қосымшасы арқылы, «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында (AppStore мен PlayMarket-тен жүктеледі).
№10 cұрақ:
Салықты қалай төлеуге болады?
Жауап:
Екінші деңгейлі банктердің онлайн-қосымшасы арқылы, «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында (AppStore мен PlayMarket-тен жүктеледі).





























