Date of publication: 27.10.2021 17:17
Date of changing: 27.10.2021 17:08

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы

өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Мәриям Айтқожақызы Құсайынованы 50 жылдық мерейтойымен құттықтады

28 жылдан астам Мәриям Айтқожақызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Өңірдің салық қызметін қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін, оның еңбегі облыс басшылығымен атап өтілді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Көкшетау қаласы бойынша МКБ алғыс хаттарымен марапатталған.

Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.

Құрметпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы