
Мүлік салығын төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаментінде 2020 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталғанын еске салды.
Бүгінгі күні 58 мың 692 азаматтың мүлік салығы бойынша 55 млн. теңгеден астам берешегі бар. Борышкерлердің антирейтингісін Көкшетау, Степногорск қалаларының, және Целиноград, Бурабай, Атбасар, Зеренді және Шортанды аудандарының тұрғындары бастап тұр.
Осыған байланысты, 2021 жылдың 1 қазанына дейін салық міндеттемелерін орындамаған азаматтарға Салық төлеушінің кабинетіне салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.
Хабарлама орындалмаған және берешек өтелмеген жағдайда, 2021 жылғы 15 қарашадан кейін мемлекеттік кірістер органдары берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрықтарын қалыптастырып, мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына жіберіледі.
Жеке сот орындаушыларымен банк шоттарына тыйым салуды, мүлікке және шығуына шектеулер қоюды болдырмау үшін, 2020 жылға мүлік салығын төлемеген азаматтардан берешекті өтеуді сұраймыз.
Берешектің бар-жоғы туралы «e-Salyg Azamat» және екінші деңгейдегі банктің мобильдік қосымшалары арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы, 1414 байланыс орталығының бірыңғай нөмірі бойынша білуге болады.




























