Date of publication: 10.11.2021 17:46
Date of changing: 10.11.2021 18:33

         Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуал, әріптестер арасындағы тілектестік қарым-қатынас әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысына оң әсер ететіні құпия емес, нәтижесінде мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін артады. Бұл ретте Әдеп жөніндегі уәкілі тиімді көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің  әдеп жөніндегі уәкілі  Рустам Айдарханов жұмыс сапарымен Ақмола облысының Целиноград, Бурабай, Бұланды, Зеренді аудандарында, Степногорск, Ақкөл және Көкшетау қалаларында болды.

Сапар барысында ол Қаржы министрілігінің аумақтық құрылымдық бөлімшелер басшыларымен  сонымен қатар әдеп жөніндегі уәкілдерімен  кездесті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Рустам Рамазанұлы «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» РҚБ басшысы Руслан Асылбековпен бірге мекеме ұжымымен кездесіп, Әдеп кодексінің нормаларын, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңалықтарын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті түсіндірді.

Сонымен қатар, қызметтік бағдарламалардан түсіру кезінде интернет-қосылыстың жылдамдығын арттыру, жалақы, спорттық бос уақытты ұйымдастыру, жас мамандарды тарту және т.б. қызметкерлердің мәселелері тыңдалды.

Еркін диалог форматында өткен шара барысында қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Рустам Рамазанұлы мемлекеттік кірістер басқармаларының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтардың жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында әдеп жөніндегі уәкілі  азаматтарды  қабылдады.