
Аймақтық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының алаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен кәсіпкерлік өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Әсем Шәкірова қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалардың яғни такси жүргізушілеріне мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшуге шақыратын ақпараттар таратылып жатқанын хабарлады.
Осыған байланысты ол келесіні хабарлады: салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын / кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден / бөлуге арналған. Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды.
Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз.
Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ жеке аударымдарға салық салынбайды.
Ал егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдай аласыз.
Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады.
Кассалық аппараттарға қатысты. Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады.
Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған.
Еске салайық, қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған.
Онлайн форматта өткен шараға Атамекен ҰКП өңірлік өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.






























