
Ақмола облысы Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ержан Ақанұлы Әубәкіров салық органдарындағы қызметін 1990 жылы Семей облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының кооперативтер мен қоғамдық ұйымдарды бақылау бөлімінің салық инспекторы болып бастады.
Ержан Ақанұлы фискалдық органдарда 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
Оның қызметтік тізімінде қаржы полициясы органдарындағы қызмет, "Бурабай" Салық басқармасы бастығының лауазымы, ҚР ҚМ СК Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің Шортанды ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы лауазымы және басқа да жауапты лауазымдар бар.
Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін оның еңбегі бірнеше рет Қаржы министрлігі орталық аппаратының және Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен, "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" , "ҚР Конституциясына 25 жыл" мерекелік медальдармен марапатталған.
Оның өмірлік ұстанымы - ттәртіп, адалдық пен әділдік, тапсырмаға шоғырландыру, сноымен қатар ұйымшылдық пен бастамашылдық, мақсаттылық пен еңбексүйгіштік болып табылады.
#QAZAQSTAN30, #MENINQAZAQSTANYM






























