
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған патриоттық кешіні өтті.
Қазіргі Қазақстан шежіресі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады - дейді Департамент басшының орынбасары Берік Ескентаев- Бұл күні Қазақстан өзін тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. 30 жыл бұрын Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, өз тарихында жаңа кезең ашты: өз дамуында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандық туралы ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Халық алғаш рет өз мәдениетін, тілін, діні мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік алды. Бүгінде республиканың әрбір азаматы өз тәуелсіздігін мақтан тұтады.
Мереке қарсаңында қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальмен Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Шыңғыс Әнуарбеков, адам ресурстар басқармасының басшысы Гүлмира Жұмағұлова, «Көкшетау-КРО» кеден бекетінің басшысы Абай Шайкенов, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Владимир Хилько, экспорттық бақылау басқармасының бас маманы Анжелика Толгурова, камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Бибігүл Шулембаева, Атбасар ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары Балжан Тайлақбаева, Ақкөл ауданы бойынша МКБ басшысы Дархан Омаров, Бурабай ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары Айгүл Едігенова, Аршалы ауданы бойынша МКБ бас маманы Елена Сафронова марапатталды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан үшін «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 жыл» естелік төсбелгісімен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова, заң басқармасының басшысы Болат Әбетов, ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы Тоты Сарсикеева, Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы Арлан Амрин, Кедендік бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Тастанбеков, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Батырхан Кәрімов, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Жасұлан Тлеулин, оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Әлібек Ашуов, Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Тенбай Ибраев, Бағила Молдахметова,, Ирина Демина, Галина Субботина, Аля Тыржанова, сондай-ақ аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары мен қызметкерлері Ержан Әубәкіров, Думан Әділбеков, Ильгар Рзаев, Марал Әлібекова, Жеңіс Тәшенов, Нұржан Қапашев, Ғарифолла Бекентаев, Майра Қараулова, Татьяна Коваленко, Евгений Михалкин, Руслан Рамазанов, Сәуле Ғұмарова, Сергей Мещеряков, Оксана Зорина, Ержан Сексенов, Гүлнар Айгозинова, Елтзавета Полякова, Наталья Кавинская, Светлана Вольф марапатталды.
Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Майра Рахметова, Көкшетау қаласы бойынша МКБ бөлімінің басшысы Валентина Попович, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің бас маманы Сабыржан Мұстафин, Ақкөл ауданы бойынша МКБ бөлімінің басшысы Ольга Малярчук, Степногорск қаласы бойынша МКБ бөлімінің басшысы Елена Сапрыгина марапатталды.
Сонымен қатар, штаттан тыс қызметкерлер мемлекеттік кірістер департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Облыстық мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ибраев барша қауымды мерекемен құттықтап, егемен Қазақстанның өркендеуі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
Шара барысында департамент қызметкерлері ұйымдастырған патриоттық флэшмобтың көрсетілімімен бейнеролик көрсетілді
Мерекелік іс-шара Көкшетау қаласының Мәдениет сарайы әртістерінің концертімен аяқталды.
Әріптестерімізді лайықты марапатпен құттықтаймыз!
Мереке құтты болсын!