Date of publication: 24.08.2016 10:48
Date of changing: 24.08.2016 10:50

Жаңа оқу жылдың басында қазургі күні республикалық «Мектепке жол - 2016» акциясы жалпы еліміз бойынша жақсы үрдіс бойынша өз бастауын алды. Бұл қайырымдылық шара биыл 9-шы жыл өткізіліп тұр. Осы жылдар ішінде қажетті мектеп құрал жабдықтары және мектеп киім-кешектерімен жүз мыңдаған балалар қамтамасыз етілді. Биылғы жылы акция «Бақытты балалық аумағы» ұранымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев тікелей тапсырысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен ұйымдастырылып отырған акция үлкен қызығушылық пен елге таңымал  көптеген  мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың колдауына ие болды.

Белсенді акцияға қатысып жүргендерінің қатарында  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкелері де бар. Бұл жолы олар Көкшетау қаласының №ә мектептің 1 сынып оқушысы Ясмин Мейрамқұловаға мектеп, спорттық формасын және  барлық қажетті оқу құралдарын сыйға тартты.

Осы игі іске ризашылығын білдірген Ясминның анасы Алмагүл Айтжанова, - «Сіздердің ізгі көмегіңіз бізге өте қажет, Сізге шың көңілмен алғыс айтамын, қызметтеріне жоғары нәтижелер тілеймін. Болашақта қызымыз қаржы жүйесі кәсібін таңдап республикамыздың экономикалық мүддесін қорғаушы болады ниет білдіремін» - деп өз қуанышты жылы лебізін білдірді.

 

Ал Мемлекеттік кірістер  департаментінің ұжымы, өз кезегінде  оқушыға үздік оқу, мықты деңсаулық және барлық жақсылықтар тілейді! Білім әлеміне ақ жол саған Ясмин!