Date of publication: 24.12.2021 18:22
Date of changing: 24.12.2021 18:13

     Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Майра Рахметова Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін 1985 жылы банк құрылымында экономист болып жұмыс істей бастағанын, кейін оны Көкшетау қалалық қаржы бөлімінде жалғастырғанын еске алады.

     Содан кейін Көкшетау салық инспекциясы құрылғаннан кейін Майра Бабирқызы қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарына салық салу бөлімінің аға салық инспекторы болып жұмысқа ауысады.

      Салық органдарындағы 30 жылдан астам қызметінде ол кәсіпорындар мен ұйымдардың салық салу бөлімінің аға салық инспекторы, жанама салықтар бөлімінің салық инспекторы, салықтық есептілігін енгізу және электронды түрде көшіру бөлімінің бас маманы, ірі салық төлеушілердің мониторингі және заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, «жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы және басқа да жауапты лауазымдарды атқарды.

Әріптестерінің арасында беделді, өмірде белсенді ұстаныма ие және казірге дейін спортпен шұғылданады. Әріптестері атап өткендей, өзінің позитивтік энергиясымен ол айналасындағыларды қуаттайды және жас мамандарға үлгі ретінде болады.

     Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін бірнеше рет Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Майра Бабирқызы Ақмола облысы Әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Құттықтаймыз!