
Тәжірибе мен күнделікті еңбек салық қызметінің қызметкерін сипаттайды, - деп есептейді Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Айгүл Төлегенова.
Ол өзінің жұмысын 1987 жылы Көкшетау облысы Красноармейск аудандық қаржы бөлімінің салық экономисі қызметінен бастағанын еске алады.
Сол алыс жылдары компьютерлік техника әлі болған жоқ және барлық құжаттарды қағаз тасығышта толтыруға тура келді.
Кейіннен Айгүл Қоспекқызы Красноармейск ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының аға салық инспекторы болып жұмысқа ауысады.
Оның қызметтік тізімінде жанама салықтарды алу бөлімінің бастығы, салықтық әкімшілендіру бөлімінің бастығы, Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының бөлім бастығы және басқа да жауапты лауазымдар бар.
Міне, 34 жылдан астам уақыт бойы Айгүл Төлегенова салық қызметінде жұмыс атқаруда, осы уақыт ішінде процестерді цифрландыру және автоматтандыру, салықтарды электрондық төлеу жұмысында көп өзгерістер бар, қазіргі таңда ұялы телефоннан салық төлеуге болады.
Жұмыс барысында ол өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсетті.
Өңірдің салық қызметін қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін, оның еңбегі облыс басшылығымен атап өтілді.
Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің бірқатар алғыс хаттары бар.
#QAZAQSTAN30, #MENINQAZAQSTANYM






























