Date of publication: 06.01.2022 18:20
Date of changing: 06.01.2022 18:21

Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Қарлығаш Молдашева өз еңбек жолын Қазақстан салық жүйесі қалыптасуы мен құрылу жылдары бастаған.

Ол өзінің жұмысын 1989 жылы Көкшетау қаласы қаржы бөлімінің мемлекет кірістері  бөлімінің  салықтық инспекторы қызметінен бастағанын еске алады.

Кейіннен Қарлығаш Қабдрахманқызы Көкшетау қаласы бойынша салық инспекциясының тұрғындарға салық салу бөлімінің салықтық инспекторы болып жұмысқа ауысады.

Оның қызметтік тізімінде жеке тұлғалар секторы  салық төлеушілермен жұмыс жүргізу  бөлімінің  салықтық инспекторы, аграрлық сектордың арнайы салық тәртіптемесі бөлімінің шағын кәсіпкерлік субъектілермен жұмыс жүргізу басқармасының бас маманы, ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімінің бас маманы, мәжбүрлеп өндіріп алу және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы және басқа да жауапты лауазымдар бар.

 Міне, 32 жылдан астам уақыт бойы Қарлығаш Қабдрахманқызы салық қызметінде жұмыс атқаруда, осы уақыт ішінде процестерді цифрландыру және автоматтандыру, салықтарды электрондық төлеу жұмысында көп өзгерістер бар, қазіргі таңда ұялы телефоннан салық төлеуге болады.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Өңірдің салық қызметін қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін, оның еңбегі облыс басшылығымен атап өтілді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.