Жарияланған күні: 15.04.2015 18:37
Өзгертілген күні: 22.01.2019 10:45

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар.

Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

- меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджеттуралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

- меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджеттуралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;

- меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.

- он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда дара кәсiпкерлер.

Салық базасы осы Кодекстiң 531-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

 1

2

3

1.

 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары

4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы

3.

4 000 000 теңгеден жоғары

6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда

2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы

4.

6 000 000 теңгеден жоғары

8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы

5.

8 000 000 теңгеден жоғары

10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

6.

10 000 000 теңгеден жоғары

12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы

7.

12 000 000 теңгеден жоғары

14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы

8.

14 000 000 теңгеден жоғары

16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы

9.

16 000 000 теңгеден жоғары

18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы

10.

18 000 000 теңгеден жоғары

20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы

11.

20 000 000 теңгеден жоғары

75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы

12.

75 000 000 теңгеден жоғары

100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы

 

 

Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.

Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда,салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.