
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары тақырыбында семинар өтті.
Баяндамашы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшының орынбасары Дархан Хайруллин.
Мемлекеттік кірістер департаменті Әдеп жөніндегі уәкіл басшысының орынбасары Әсем Шәкірова деді өз баяндамасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады деп атап өтті. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.