
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ҮҮБ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2023 жылғы 27 маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға 2023 жылғы 27 маусым сағат 11:00-де Көкшетау қ. Н.Назарбаев даңғылы 21а (акт залы) мекенжайы бойынша немесе ZOOM платформасы арқылы қатысуды сұраймыз.
Қатысқысы келетіндер, сондай-ақ ZOOM сілтемесін алу үшін 8/7162/72-11-78, 87051545871 телефондары арқылы хабарласа алады.