Жарияланған күні: 14.08.2023 18:17
Өзгертілген күні: 14.08.2023 18:19

Мемлекеттік кірістер органдары Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері.

Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда.

Салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландыру және жаңа тәсілдер белгілі нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік бюджетке 396 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 215 млрд теңгеге артық. 
Салық заңнамасы адал салық төлеушінің мүдделерін қорғауға, экономиканың әртүрлі салаларын ынталандыруға бағытталған.

«Салықтар  өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі үшін төлейтін құнымыз» дегендей, салықтық және кедендік төлемдерден түсетін табыстың арқасында азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелер орындалуда.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі, кәсібилігі, шынайы азаматтық ұстанымы Ел Президенті белгілеген барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

 Кәсіби мереке қарсаңында бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, лауазымды міндетін абыроймен атқарған үшін  «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен Мемлекеттік қызмет қөрсету барқармасының  басшысы Ахметжан Хасенов, берешекпен жұмыс басқармасының басшысы  Арлан Амрин, ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Қонысбай Шанеев, Аршалы ауданы басқармасының жетекші маманы Инга Райник марапатталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрмет грамотасымен: Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Заң бөлімінің басшысы Сағадат Телегенов, адам ресурстары басқармасының  бас маманы Валентина Еремина.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  құрмет грамотасымен талдау және тәуекелдер басқармасы  бас маманы Серік Ильясов, ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Лаура Жапарова, аудит басқармасының бас маманы Сәуле Раскулова, ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы Руслан Муслимов, берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы Юлия Фомич, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Дарья Гучкова марапатталады.

Ақмола облыс әкімінің алғыспен  талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов, камералдық мониторинг басқармасының басшысы    Салтанат Темербекова, ҚҚС әкімшілендіру басқармасы бөлімінің басшысы Анжелика Толгурова, Мемлекеттік қызмет қөрсету барқармасы бөлімінің басшысы Мариям Кусаинова марапатталды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамент басшысының алғысымен Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Альбина Айтмагамбетова  марапатталады.

Мереке құтты болсын!