
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Астана–1» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша бейнеконференция өткізілді.
«Астана–1» жобасын жасау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ сауда және дамыту бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Жоба міндеті кедендік саясат пен процедураны ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес оңтайландыру, электронды мағлұмдау жүйесін енгізу, экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарау уақытын азайтуға септесу, тәуекел мен кейінгі аудитті басқарудың озық әдістемесін енгізу.
«Астана–1» ақпараттық жүйесін толық іске асыруы 2017 жылдың 1 шілдесінен жоспарланған.