
«Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназияның қалалық, облыстық, халықаралық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба байқауларының спорттық және шығармашылық байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін «Дарынды оқушы – 2024» марапаттау рәсімі өтті.
Шараға Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбраев пен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Нұрлан Ысқақов қатысты.
Шара барысында гимназияның 90 оқушысы сертификатармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Білім беру ісінің үздігі» ардагер ұстаз Гүлнар Күшпаева дарынды оқушыларды марапаттарымен құттықтады.
Гимназия директоры Ардак Ахмеджанова дарынды оқушыларды марапаттарымен құттықтай келе мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбраев бірге « Жыл оқушысы -2024» лентасын гимназия түлегі 11-сынып оқушысы Ақылбай Диасқа табыстап, 100 мың теңге сертификат берді.
Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбраев кемел келешек кілті – білімде екенін және гимназия оқушыларының болашақта салық немесе кеден қызметшісі мамандығын таңдайтынын және бұл жұмыстың аса маңызды және өте жауапты екенін атап өтті.
Гимназия оқушыларының дайындаған концерті мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осындай іс-шаралар мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығын ашады, білім деңгейін арттыруға, кәсіби мәдениеті, шығармашылық және қоғамдық белсенділігі жоғары кадрлардың жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.