
Биыл біз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын атап өтеміз.
Мемлекеттік кірістер органдары-республикамыздың мемлекеттік бюджетін толықтыруды қамтамасыз ететін мекеме.
Оның тиімді қызметі - республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік саласының одан әрі дамуы, қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін айқындайды.
Жиналған салықтан түскен қаражат мектептер мен ауруханалар салу, жолдарды жөндеу және салу, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салу сияқты қоғамдық игіліктерді жасауға жұмсалады. Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда.
«Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында өткен салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, мемлекеттік мекеме басшылары, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.
Ағымдағы жылдың жеті айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 240 млрд. теңгеден астам түсті.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 13 млрд. теңге астам қамтамасыз етілді.
Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 6 мың 543 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 68% жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Жыл басынан бастап 468 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.
Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.
Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері медальдармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі, кәсібилігі, шынайы азаматтық ұстанымы Ел Президенті белгілеген барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.