
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің декларациясын тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салады!
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны: - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары; - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы кажет.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, сонымен қатар Halyk, Kaspi және т.б. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары
арқылы ұсынуға болады.
Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.