Жарияланған күні: 27.09.2024 18:52
Өзгертілген күні: 27.09.2024 18:53
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында  «Бірыңғай есеп күні» өткізілді.  Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова, облыс прокурорының орынбасары Кәрім  Әділ, облыстық бақылау мен қадағалау органдары, кәсіпкерлер, аудан және қала әкімдіктері қатысты.
Мемлекеттік органдардың өкілдері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қорытындылары, заң бұзушылықтардың алдын алу туралы айттып берді.
 «Бірыңғай есеп күні» мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру шеңберінде бұзушылықтардың жүйелі профилактикасын дамытуға, міндетті заң талаптарын сақтауға, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.  Сонымен қатар, бұл кездесу бизнес қауымдастығымен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Шара барысында бейнеконференц байланыс арқылы қатысқан облыс кәсіпкерлердің сұрақтарына толық  жауаптар берілді.