
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин құттықтау сөзінде Еліміздің тәуелсіз дамуының 30 жылдан астам уақытында қаржы жүйесі Қазақстанның бүкіл экономикасын нығайтуда және оны еуразиялық интеграцияға қосуда маңызды рөл атқарғаны туралы атап өтті.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлермен ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 377 миллиардтан астам теңге,
салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 18 миллиард тенгеден астам мемлекеттік бюджетке қамтамасыз етілді.
Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері медальдармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қаршыға Оразалинов,
Егіндікөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Серік Қойшыбаев және Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Анаш Жантеміров марапатталды.
Шара барысында жас қызметшілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің салтанатты ант қабылдау рәсімінен өтті.
Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарының алдында салық және кеден түсімдерінің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру міндеті тұр.