Жарияланған күні: 05.12.2024 18:18
Өзгертілген күні: 05.12.2024 18:19
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ішкі істер органдарымен және жеке сот орындаушылармен бірлесе отырып, көлік салығы бойынша берешекті өндіріп алу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Құрметті салық төлеушілер, көлік салығын уақтылы төлеу қажеттігін еске саламыз. Төлемеген жағдайда айыппұлдар қолданылады. Мемлекеттік кірістер департаменті мұндай жағдайларды болдырмау үшін азаматтарды берешектерін төлеуге шақырады!