Жарияланған күні: 10.12.2024 16:00
Өзгертілген күні: 10.12.2024 16:00

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті байланыс орталығының және мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлеріне «Күйзелісті басқару, күйзеліске төзімділік» тақырыбында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының бас маман, психолог Ольга Андриенко қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлер күйзеліске жиі түседі.
Осындай жағдайларда олар эмоционалды күйзелісті жеңілдету шараларын қабылдауы керек. Бұл туралы семинарда айтылды
Спикер жанжалды жағдайларды болдырмаудың жолдарын көрсетті.
Шараға бейнеконференцбайланыс арқылы Мемлекеттік кірістер департаментінің қалалық және аудандық басқармаларының қызметкерлері қатысты.