Жарияланған күні: 12.12.2024 18:28
Өзгертілген күні: 12.12.2024 18:29

  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Сайлау Сауытов пен Бағдат Сағадиеваны 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сайлау Қабдошұлы мен Бағдат Қанашқызы аймақтық салық қызметінің қалыптасуының бастауында тұрды.
Олардың адал еңбегінің,  кәсібилігінің және өлшеусіз үлесінің арқасында салық жүйесі дамыды. 
Тәуелсіз мемлекетімізді құрудағы табыстар ардагерлеріміздің ерен еңбегінің арқасында мүмкін болды. 
Олардың жомарттықпен бөліскен басты мұрасы – даналық пен баға жетпес өмірлік тәжірибе болды.
Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасарлары Бауыржан Шәйкенов пен Батырхан Кәрімов мерейтой иелеріне Республикалық салық қызметі ардагерлері кеңесінің президенті Алданыш Нұрымов пен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдиннің құттықтау хаттарын табыстады.
Кездесу жылы атмосферада өтті, себебі ардагерлерді осы маңызды күнмен құттықтау көп жылғы еңбегі үшін құрметтің белгісі болды.

Іс-шара соңында Сайлау Қабдошұлы мен Бағдат Қанашқызы басшылыққа, ұжымға көрсеткен құрметі үшін ризашылығын білдіріп, жастарға өздерінің адал еңбек жолдарын тіледі.