Жарияланған күні: 20.12.2024 16:19
Өзгертілген күні: 20.12.2024 16:20

Мемлекеттік кірістер департаментінде  «Апта сауалы» айдарында аясында өткен аптаның ең үздік сауалына жауап берді.

​      Сұрақ жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсырудың мерзімі 2024 жылғы 15 қыркүйекте аяқталуымен байланысты.

      Жеке тұлғаның сауалы:

      Декларацияның ( 250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» /270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация») қабылданғанын/қабылданбағанын қалай және қайдан білуге ​​болады?

      МКД жауабы:

      Декларацияның (250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» / 270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» нысаны) қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны Сіз декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келген келесі қосымшалардың бірінен қарап/жүктеп алуыңызға болады:

     - e-Salyq Azamat («Декларация табыстау» бөлімінде/«СЕН табыстаудың тарихы»);

     - «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігінің нысандары» бөлімінде/ «Нысандар журналы»).