
Құрметті азаматтар! Соңғы уақытта ұялы байланыс арқылы жасалған алаяқтық кең етек алды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы атынан жалған алаяқтық хабарламалардың жиілегенін хабарлаймыз.
Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, электрондық пошта, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жіберетініне назар аударамыз.
ЕСКЕРТЕМІЗ: егер сіз осындай хабарламаларды алсаңыз, шотыңыздан жинаған ақшаңызды шешпеңіз немесе несие алу үшін банкке жүгірмеңіз, достарыңыздан қарызға ақша алып, алаяқтарға аудармаңыз.
Кез келген әрекетті, соның ішінде күдікті сұрауларды орындаудан бұрын, олар қаншалықты қауіп төндірсе де, тікелей басшыға хабарласыңыз.
Абай болыңыз және жалған хабарламаларға сенбеңіз.
Алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге, оның мазмұнын Департаменттің немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратпен міндетті түрде салыстырып тексеруге ұмытпаңыз.
Азаматтарды күдікті хабарламаларға жауап бермеуге және Департаменттің ресми сайтында немесе @mkd_aqmol Instagram аккаунтында көрсетілген контактілер бойынша фишингтік немесе алаяқтық жағдайлар туралы хабарлауға шақырамыз.