Жарияланған күні: 12.02.2025 17:57
Өзгертілген күні: 12.02.2025 17:58
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының  «Pro ​​Bono волонтерлік» бағытында,  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Ақмола облыстық филиалының Көкшетау қаласының №1  мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің «кеңес беру алаңында»  мемлекеттік органдар өкілдерінің сонымен қатар адвокаттардың, жеке сот орындаушылар мен нотариустардың қатысуымен азаматтарға құқықтық және салық саласында көмек көрсетілді.

        Қабылдау барысында жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, банк шоттарын бұғаттау және оны ашу, көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша және  басқа да сұрақтарға  құзыретті жауаптар берілді.