Жарияланған күні: 14.02.2025 18:24
Өзгертілген күні: 14.02.2025 18:27

    

Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен жылдың  қорытындысы шығарылды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 522 млрд. теңге түсті.

               Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 23   млрд. тенге, астам қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 10 млрд. теңге, қамералдық бақылау - 6 млрд. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 3 млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 2 млрд. теңге, кедендік әкімшілендіру – 442 млн. теңге,  акциздерді әкімшілендіру - 351 млн. тенге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 360 млн. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 253 млн. теңге және басқалар. 
 
              Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 12 мың 600 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 70 % жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Өткен жылы 694 мың  мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Шара барсыныда жалпыға бірдей декларациялау, салық берешектері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.