Жарияланған күні: 09.04.2025 09:26
Өзгертілген күні: 09.04.2025 09:28

«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:

2025 жылғы 14 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз: