Жарияланған күні: 24.12.2025 09:12
Өзгертілген күні: 24.12.2025 12:02

2026 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормалары заңды күшіне енеді.

Салық тексерулерді тағайындау және тіркеу кезінде заңнама нормаларын біркелкі түсіну және қолдану  мақсатында  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола департаменті  Ақмола облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып бейнеконференц байланыс арқылы  аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының  өкілдері және мамандандырылған бөлімдердің қызметкерлер қатысуымен онлайн оқыту семинар өткізілді.

Шара барысында семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.