
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өткізілді.
Өткізген жұмыс қорытындысы бойынша жоспар 117.0% орындалып мемлекеттік бюджетке 31 млрд. 570 млн. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 7 млрд. 798 млн. теңгеге артып түсті, немесе 132,8%.
Салықтар мен төлемдерді әкімшілендіру жұмыстарын атқару негізінде мемлекеттік бюджетке қосымша 1 млрд. 815 млн. теңге өңдіріліп алынды.
Алайда, жылдық жоспардың табысты орындауы қосымша резервтерін анықтау шараларын жүзеге асыруге байланысты деп айтылды.
Кездесу барысында сондай-ақ, өндірістік емес төлемдерін әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет қөрсету, корпоративтік салық, арнайы салық режимдері, борышты жинау бойынша және басқа да мәселелері талқыланды.
Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.
Департамент басшысы Ерлан Хасенов жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.
Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде жартыжылдық болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету, салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.